Қалақ батыр жерленген жер
Орналасқан жері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Кусеп а.
Қысқаша ақпарат: Қалақ батыр XVII ғасырдың басында өз отанын қорғайтын жоңғарға қарсы шайқаста өзін көрсеткен ержүрек жауынгер. Жаудың көптілігіне қарамастан, Қалақ батырдың келісілген әскери іс-әрекеттері арқасында оның әскері жауға қарсы тұра алды. Осы шайқастан кейін Қалақ батырдың есімі бүкіл қазақ даласына белгілі болды. Қалақ батыр қазіргі Атбасар мен Сандықтау аудандарының арасында Керегетас жерінде Есілдің маңында дүниеге келді. Оның қабірі облыс орталығынан алыс емес жерде Көкшетаудың солтүстігінде орналасқан. Айғыржал деген тұрғылықты жерде Қалақ тауы бар және сол жерде жерленген.
Қалақ батырдың туылған, өлген жылы мәлімсіз. Арғын бәсентиін руынан шыққан атақты батыр. Ол жоңғар шапқыншыларының қазақ халқын қиын күйге түсіргеніне қатты кектеніп, жасақ ұйымдастырып, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен жауға қарсы күреске қатысқан.
Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Қалақ бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, бытыр болуға құлшындырды.
Кусеп ауылдық округі қарасты Ақтөбе төбесін қылды қарауыл ұрпақтарының бастамасымен облыс орталығына 1600 жылдары Жоңғар басқыншылығына қарсы күресте батырлық танытқан, жауынгер, Қалақ батырдың құрметіне құлпытас орнатты. Осы күнге дейін бұл жер киелі орындардың бірі болып табылады.
Жергілікті өлкетанушы: Айдос Әбутәліпов еңбек ардагері, Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, ақын.
