Қазы батыр жерленген жер
Орналасқан жері: Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпинск ауылының батысына қарай екі шақырым жерде орналасқан.
Қысқаша ақпарат: Қазы батыр тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл, барлығымыз үлгі тұтарлық адамдардың бірегейі.
Қазы батыр 18- ғасырда өткен орта жүз батырларының бірі, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Абылай хан, Ер Қабанбай, Бұқар жырауларға сенімді серік болған шешен адам.
1750- жылдарда жоңғар басқыншыларының бір тобы Бәйжігіт елін шауып, мал- жандарын тонап әкетеді. Абылай, Қабанбай батырлар атақты қолбасшылар мен батырларды кеңеске шақырып, жауды аластауды жобалайды. Байғазы батыр да кеңеске қатысып жорыққа аттанады. Олар жауды өкшелей қуып, емілден өткізіп, ақсудың бойына қамайды.
Қазы батыр Жәнібек ханның кезіндегі қарадан шықса да жеті атасынан әйгілі батыр тұқымы болғандықтан, ел басына күн туғанда, осы Баян батыр атқа ерте қонады. Өзінің асқан ерлігі, халық үшін жан пида етерлік істері арқасында ол көп кешікпей уақ руларының көсеміне айналған. Өз әке- шешесі қалмақ шабуылының бір үлкен шайқасында қаза тапқан. Өзімен бір туған інісі Ноян, кішкентай кезінен жауға қарсы күрес машығына беріліп, жорықтарға қатысуға талаптанып келген.
Қазы батыр көп реткі күрестерде үлкен ерлік көрсеткендіктен, қолбасы болып, жорықтарда жеңістен- жеңіске қол жеткізіп отырған. Қазы батыр қалмақтармен шайқасты жеңіп, сол аймақтарда қоныстанды. Сол жерді қылышымен көрсетіп, мұнда менің қонысым болады деп айтыпты. Сол уақыттан бері атақты батыр осы орынды жақсы көрді, ол әскери өнермен айналысады, кішкентай балаларды атқа мінуге үйретіп, қарсыластарға қарсы тұруды және оларға қарсы жауап береді үйретеді.
Қазы батыр мен оның әскерлері қыста қайтыс болғандықтан осы жерде жерлеуге жөн көреді. Қазы батыр бүгінгі күнге дейін Ақкөл ауданында жерленген.
Бұл орын киелі жер болып саналады. Мұнда адамдар батырға құран бағыштауға келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Жайық Бектұровтың «Менің атам Бектұров» кітабында;
- Бектұров Жайық. Енеден ерте айрылған төл секілді – Алматы. ЖШС. – «Қазақстан» баспа үйі», 2002. – 434-435 бб
