Әздембай сал Көтербайұлы жерленген жер
Орналасқан жері: Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды с. маңында ал Астана қаласынан 30 км Астана-Павлодар тас жолының бойында орналасқан.
Қысқаша ақпарат: Әздембай Көтербайұлы (1836-1916) – қазақтың халық ақыны, сал-сері. Әздембай сал Ақмола облысының Шарбақкөл ауданының Теке деген жерде туған. Әздембай ақын Ақмола (Қараөткел) маңында ХІХ ғасырда туып, ХХ ғасырдың бас кезінде дүние салған.
Ел ішінде Әздембай сал деп аталынған. Әздембай сал өте сықақшыл, түйреп айтатын ақын болған. Арқаның атақты салдарының бірі. Әздембай сал айтыс ақыны да болған Әздембай сал шығарған өлеңдер Сарыарқада көп айтылады. Ол Балуан Шолақ, әнші Ғазиз, Жаяу Мұса сияқты ақындардан өнеге алған. Әздембай сал мұрасын сақтаған Алпысбай қария Саттыбайұлы болған. Әздембай сал бабалары Аспантай абыз, Саурық абыз деген қасиетті кісілір болған. Атасы Жансары мен әкесі Көтербай туралы да Әздембай сал өзі айтқан өлеңдеріне қосады. Өз ата‑тегі туралы жырлау, анық етіп жіктеп айту қазақ ақындарына тән болған. Әздембай салдың ата-бабалары да бәрі түйдей шешен болған. Әздембай сал өзінің әншілігі туралы да өлеңдерінде айтады.
Қыпшақтан – Ойбас батыр. Ойбастан – сайып келгенде Күрлеуіт. Күрлеуіттен – Ақжігіт, Жанжігіт. Ақжігіттен – Көшек абыз. Көшек абыздан – Сырымбай, Дат, Мейраш. Сырымбайдан – Тамаға, Жолеке, Көшей, Нурет. Даттан – Шардай. Мейраш баласы – Бәйті батыр. Жолекеден – Бекбаулы абыз. Бекбаулы абыздан – Тастемір, Жұмағұл, Таңат. Тастемірден – Калдар, Айтуған, Ниязхан. Калдардан – Аспантай абыз, Жәміке. Аспантай абыздан – Саурық абыз. Саурықтан – Жансары. Жансарыдан – Көтербай болады. Көтербайдан – Әздембай, Байғазы.
Әздембай сал мұрасын жинаған Бозтай Жақыпбаев 1946 ж. Қазақ Ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырған. Ж. Орманбаев 1952 ж. қолжазба дәптер тапсырған. Шежіре жинаушы Мәдиев Жұматай (1923-1967) 1961 ж. Әздембайдың қолжазба мұраларын қорға тапсырған. Тәкежанов Құсайын қартқа (1886-1972) Әздембай мұраларын жинасқан Тәупық Әздембаев болды. 1947 ж. тапсырылған материалдың көлемі 45 бет, немесе 2801 жол өлең шығармалары. Қорда 42 бет сақталған. Тәкежанов Құсайын қарттың миатериалы 27 бет, немесе 1400 жол өлеңді құрайды. Араб әрпімен жазылған бірінші дәптер 1947 ж. жазылған Тәкежанов Құсайын қарттың дәптері 27 бет. Араб әрпінде 1944 ж. жазылған.
Деректеме: Алпысбес М. Әздембай сал // Бұқар жырау. Энциклопедия. – Алматы, 2013.

