Құмай археологиялық-этнографиялық кешені (Ерейментау ауданы)
«Түркі қағандар ордасы» – «Резиденция тюркских правителей». Құрамында бірнеше мыңжылдықтардың мәдени мұралары тоғысқан, еліміздің Астана қаласына жақын жердегі Құмай мәдени кешендегі ескерткіштер Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бұйратау тауының етегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданында тығыз шоғырланған. Құмай кешеніндегі бірегей ескерткіштер қатарына жататыны мен жарқын әрі есте қаларлықтары шығыс қабырғасына орнатылған мүсіндер бар түріктік ғұрыптық қоршаулар болып табылады.
Ежелден байырғы түрктер дүниеден өткен ұлы ата-бабаларының құрметіне (аруағына) тағзым етіп, ғұрыптық қоршаулар орнатты. Үйдің нышаны- қоршаулардың шығыс қабырғасына тұрғызылған батыр жауынгерлердің портреттік бейнелері Құмай өзені аңғарындағы далада асқан әдемілікпен орындалған. «Қос батыр» діни ескеркіштерімен қатар, Қазақстанның ежелгі дәуіріне жататын объектілер кешені орналасқан. Мүсіндерде бедерленген атрибуттар: ыдыс, әшекейлік заттар мен қару жиынтықтары үлкен ғылыми қызығушылықты тудырады.
Аталған атрибуттар өздерінің қолданыс аясында болу кезеңінен бастап, ескерткіштер хронологиялық уақытына, түрік қоғамындағы әлеуметік жағдайдың қалыптасуы мен дүниетанымына қатысты қағидаларға, әртүрлі археологиялық және этнографиялық зерттеулерге байланысты негізгі дерек көздер қызметін атқарады. Облыс аумағында ежелгі және орта ғасырлық даланың жалғыз аймағы. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі және түркі дәуірінің ескерткіштері болып табылатын аймақтың аумағында жалғыз көпкомпонентті мәдени кешені.
Құмай мәдени кешеніндегі мұралардың тарихи маңыздылығы ескерткіштердің барлық типтері мен түрлерінің потенциалды ақпараттылығында жатыр. Кешен Ақшоқы, Ершоқы және Жыланды тауларының шығыс, оңтүстік-шығыс етегінде жинақы орналасқан, түрлі дәуірлерге тән ескерткіштерді қамтитын бірнеше топтан тұрады. Қос батыр ғұрыптық ескерткіші ежелгі түркі заманында өз жерінде ерлік жасап аты аңызға айналған қос батырдың құрметіне жасалғанын және жергілікті халық та осы аймақты қос батыр деп атап кеткендігі жөніндегі мәліметті қазақтың белгілі археологы Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде жазып қалдырған.
Құмай археологиялық және этнографиялық кешені түркі ескерткіштерін ашу және зерттеудің негізі көлденең орнатылған және тасқа салынған тас тақталардан тұратын тіктөртбұрышты құрылым болып табылатын бірдей типтік рәсімдік құрылымдардан тұрады. Барлық қоршаудың ішкі алаңы қиыршық тасқа толы. Барлық ескерткіштер Құмай өзенінің сол жағалауында террассаларында, 5-7 шақырым радиусты қамтитын ауданда шоғырланған. Құмай археологиялық-этнографиялық кешені- мемориалдың хронологиялық тұрақтылығы, діни ескерткіштер мен қоныстардан тұратын географиялық, табиғи, ландшафт бірегейлігін, тұрғылықты топонимикалық номенклатурасы, ескерткіштер әртүрлі құрылым бөліктерінде көрсетілген. Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи ортасының ажырамас бірлігінің осындай аналогтары Қазақстанда табылмады.
Деректеме: тарих ғылымдарының докторы, түріктанушы А.Досымбаева
